2019 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

22.06.2019 22:30

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 2019 жылдың қаңтарына арналған консультациялық ауа райы болжамын ұсынды.





Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі.


Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі.


Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағнасы түнде 25...30, кей жерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді.


Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 дейін аязды құрайды.


Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші декаданың басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/kogam/2019_zhildin_kantar_aiina_arnalgan_aua_raii_bolzhami_20181229_133000”